"Алаш" туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді Алашты ешкімнің,
Қорлығына бермейміз.
Өлер жерден кетіп біз,
Бұл заманға жеттік біз.
Жасайды Алаш өлмейді,
Жасасын "Алаш", жасасын!
С.Торайғыров
"Алашым" үшін кім не істеп жатыр?
суббота, 5 декабря 2009 г.
пятница, 23 октября 2009 г.
Қазақ жастары мен нарық
Қазақ жастары жұмыс істеу керек пе, білім алу керек пе?
Көбісі кез-келген адам қандай да бір жұмысты қолға алмастан бұрын сол жөнінде білімі болуы тиіс, әйтпесе жұмысы алға тартпайды, нәтижелі болмайды деген пікірді ұстанады. Өкінішке орай жұмыс істейтін жастарымыз туралы"білім алудың орнына жұмыс істеп сандалып жүр, ертең болашағы болмайды... Масқара, бұл не деген сұмдық..." деп айтатындар да аз емес.Ал шынуайтқа келгенде дәл сол білім алмай -ақ, жұмыс істейтіндер белгілі мөлшерде жетістікке жетіп, өмірде өз орнын тауып жатады.
Сонымен, қазақ жастарына жұмыс істеу керек пе, әлде білім алу керек пе? Алып отырған білім күні ертең жақсы жұмыс табуға кепіл бола алады ма? Қазіргі таңда білім алушылардың көбісі дерлік өз мамандығы бойынша қызмет атқармау мәселесі елімізде орын алуда, тіпті жоғарғы білімді игеруге жастардың ниеттері де азайып бара жатыр деп айтсам қателеспеспін, сірә! Неге десеңіз, мамандық иегері атанған күннің өзінде де жақсы жұмыс табу мүмкіндігі шектеулі. Көбінесе жақсы жұмысты тек қана "ағатай", "көкетайлары" барлар ғана иеленеді де, таныс - тамырлары аздар қапыда қалып жатады... Осыдан кейін тіпті білім алудың қажеті бар ма деген пікірде қаласың.
Осы орайда өзім оқуға түскен кезімде еліміздің қалталы азаматтарының бірі айтқан сөзі есіме түсіп отыр. Ол кісі:
"Қайтесің оқуды? Мемлекет тегін оқу түгіл, не берсе де таста да, сырттай ақылы негізде "жаман жапырақ қағаз"(айтпағы диплом)алып алсаң болды. Оқығаныңмен ешқандай жетістікке жетпейсің, оқу саған ештеңе бермейді, жұмыс істе, "өмір" мектебінен алғаның оқу да, білім де болады, ал өзгесі бос сандырақ..." деген еді. Сол кезде неге олай дейді? Өзі кезінде оқуға мүмкіндігі болмағандықтан солай айтатын шығар деген тұжырыммен ғана шектеліп қойған едім. Бірақ қазіргі өмірге қарасам сол кісінің сөзінің жаны бар екен. ЖОО-нын бітірген "оқыған" азаматтарымыз мамандығы бойынша жақсы жұмыс таба алмай, басқа мамандық бойынша жұмысқа тұрып сол баяғы "өмір" мектебіне келіп, барлық ісін қайтадан бастап жатады, ал сол уақытта "оқымағандар" осы мектепті баяғыда бітіріп өмірде өз орнын тауып үлгеріп жатады.
Осыдан кейін білім алу керек пе? Қалай ойлайсыздар? Сондық мамандығымыз бойынша жарытып жұмыс таба алмайды екенбіз, мүмкін жетістікке жету үшін білім алып уақытымызды кетіргенше қазірден бастап жұмыс істейміз?
вторник, 13 октября 2009 г.
пятница, 9 октября 2009 г.
Алыстан Алаш десе, аттанамын,
Қазақты Қазақ десе, мақтанамын,
Болғансоң әкем - Қазақ, шешем - Қазақ
Мен неге Қазақтықтан, жасқанамын.
Жерінде - бабасының,
Елінде - атасының,
Көңілінде - әжесінің,
Қолында - анасының,
Жолында - ағасының,
Төсінде - даласының,
Тапқан өз жарасымын,
Мен - ҚАЗАҚ баласымын.
Мiржақып Дулатов
Қазақты Қазақ десе, мақтанамын,
Болғансоң әкем - Қазақ, шешем - Қазақ
Мен неге Қазақтықтан, жасқанамын.
Жерінде - бабасының,
Елінде - атасының,
Көңілінде - әжесінің,
Қолында - анасының,
Жолында - ағасының,
Төсінде - даласының,
Тапқан өз жарасымын,
Мен - ҚАЗАҚ баласымын.
Мiржақып Дулатов
Подписаться на:
Комментарии (Atom)